Бұл жобада біз ауа ағынының көмегімен айналатын гүл жасаймыз. Түрлі-түсті қағаздан көлемді сәндік гүл жасаймыз. Гүл оське бекітеміз. Ось ретінде коктейльге арналған түтікше қолданылды. Түтікшенің төменгі жағына картоннан жасалған қалақшалар бекітеміз. Қалақшалар қағаз стақанның ішінде орналасқан. Стақанның бүйірінен тесік жасалып, оған тағы бір коктейль түтікшесі енгізілген — ол ауа өтетін арна қызметін атқарады.
Қалай жұмыс істейді
Бүйірдегі түтікше арқылы үрлеген кезде, ауа стақанның ішіне кіріп, картон қалақшаларға соғылады.
Ауа ағынының әсерінен қалақшалар айнала бастайды. Қалақшалармен бірге ось те айналып, үстіне бекітілген гүл әдемі қозғалады. Нәтижесінде сәндік элементі бар шағын ауа турбинасы пайда болады.
Пікірлер жоқ